Торайғыров университетінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өңірлік департамент өкілдерімен кездесу өтті.

 

Кездесуге экономика және құқық, Computer Science және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеттерінің студенттері қатысты. Департамент өкілдері оларға мемлекеттік қызметке қабылдау процесін егжей-тегжейлі түсіндірді. Департамент басшысы Асхат Искендиров қолжетімді бос орындар мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар студенттерге жоғары курс студенттерін мамандық негіздеріне үйрететін «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы таныстырылды.

 

Бүгінде Павлодар облысында жас мамандар үшін түрлі бөлімшелерде шамамен 100 бос орын бар. TOU-дың болашақ түлектеріне мемлекеттік қызметке қабылданудың екі тәртібі қолжетімді: конкурс арқылы (тестілеу, жеке қасиеттерді бағалау және сұхбат) және GPA жоғары студенттерге арналған конкурстан тыс тәртіп.

 

Айта кетерлік жайт, Торайғыров университетінің студенттері арасында мемлекеттік қызметке табысты қабылданғандар да бар. Алишер Рашит конкурс арқылы өткен болса, Тоқтар Бектасов жоғары GPA көрсеткішінің арқасында конкурстан тыс қабылданған. Екеуі де кездесуге қатысып, қазіргі студенттерге мемлекеттік қызметте мансап құрудың нақты мүмкіндіктерін көрсетті.