Жаңа оқу жылында Торайғыров университетінің тұрғын үй қажеттілігі бар барлық студенттеріне жатақхана беріледі.

Қазіргі таңда 3 жатақхана студенттерді қабылдауға дайын. Бірінші кампус 360 студентке, екіншісі — 500, ал үшіншісі — 600 студентке арналған.

Барлық баспанаға мұқтаж студенттерді толықтай орналастыру жоспарлануда.

Алдымен жатақхана І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектігі бар студенттерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасыдан шыққан студенттерге, сондай-ақ бірінші курс студенттеріне беріледі.