Қабылдау комиссиясының хабарлауы бойынша, талапкерлер арасында жоғары қызығушылыққа «Ақпараттық жүйелер» және басқа да техникалық мамандықтар ие. EGov порталымен қатар, онлайн өтініш берген студенттерге арнайы виртуалды комиссия қарастырылған.

 

Өткен жылы Торайғыров Университетіне алғаш рет Қазақстанның барлық облысынан талапкерлер қабылданған болатын. Университет осы жылы да сол нәтижелерді қайталауды көздеп отыр. Қазіргі таңда техникалық, ауыл шаруашылық бағыттарындағы және «Серпін» бағдарламасы сияқты арнайы гранттар бойынша Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарынан өтініштер келіп түсуде. Отандастарымыздан бөлек, Монғолия, Ресей, Қытай және Түркменстан азаматтары да құжат тапсырған.

 

Талапкерлерге барынша ыңғайлы болу үшін техникалық хатшылар құжат қабылдауда және мамандықтар тізімімен таныстырудан көмек көрсетуде. Алыс елді мекендердегі талапкерлерге арнайы call-центр қарастырылған.

 

Қабылдау комиссиясы 9:00 - 18:00 уақыттары аралығында жұмыс істейді. Құжаттарды қабылдау тамыздың 25-іне дейін жалғаспақ.