Сабақтарды қаржы-банк саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар сертификатталған бизнес-тренер Диас Шоманов жүргізді.

 

Екі күнге созылған тренингтің тыңдаушылары DВА докторанттары, сондай-ақ университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен басшылары болды. Қатысушылар көшбасшылықтың «рецептурасын», командамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, түрлі кейстерді талқылады.

 

Сонымен қатар, тренинг барысында менеджменттің рөлдері мен стильдері PAEI моделіне сай анықталды. Бұл жүйені басқару тиімділігін арттыруға маманданған доктор Ицхак Адизес 1970-жылдары әзірлеген, дегенмен, бүгінгі күні  өзектілігін жоғалтқан жоқ әрі әлем бойынша танымал.