ToU студенттері "Антипаракрафт-2025" республикалық квест-ойынында үшінші орынға ие болды.

 

 

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша "Антипаракрафт - 2025" көп кезеңді республикалық квест-ойыны өткізілді, оған Қазақстанның әртүрлі ЖОО-ларынан 20 студенттік команда қатысты. Финалға 11 команда шықты.

 

Биыл квест-ойынның финалы Павлодарда өтті, өйткені 2024 жылы  Торайғыров университетінің "Anticorlab" командасы жеңімпаз атанған еді.

2025 жылы Торайғыров университетінің атынан "LexАнтикор" командасы өнер көрсетті, ол Қазақстан Республикасының үздік үштігіне үшінші орынмен кірді.

Команда жарысқа университеттің комплаенс-қызметінің қатысуымен дайындалды.

 

Жеңімпаз студенттерді, команда кураторларын және комплаенс-қызметті құттықтаймыз!