Торайғыров университетінде "Ұлттық құрылтай" өтті.

Торайғыров университетінде Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп "Ұлттық құрылтай - мемлекет пен ҮЕҰ серіктестігі негізінде жасампаз құндылықтарды ілгерілету" тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді. 

Кездесуде ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Бурабайдағы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі аясында мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық-саяси дамудың маңызды мәселелері қаралды. 

 

"Дөңгелек үстелге" мемлекеттік органдардың өкілдері, университеттердің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. 

Шара барысында ұлттық идеяны қалыптастыру, мемлекеттік басқару моделі, мемлекет пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы, жастардың азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеу және т.б. көптеген мәселелер талқыланды.

Айта кету керек, Ұлттық құрылтай - билік пен қоғам арасындағы диалог алаңы. Мұнда экономикалық даму, әлеуметтік әділеттілік және  азаматтардың жеке басын нығайту,  өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі бастамалар талқыланады. Ол әділетті Қазақстанды құруға бағытталған идеялар айтылатын біріктіруші тетіктің рөлін атқарады.