Торайғыров университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында мәдениеттану пәні бойынша  "PostHumanum: болашақ мәдениеттануы" атты ХVII республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті. ҚР ЖОО-ның 12 білім алушысы қатысты.

 

Олимпиада барысында студенттер цифрландыру, жасанды интеллект, мәдениетаралық коммуникациялар, ақпараттық қоғам сияқты салаларда өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті. ЖИ қолданудың этикалық аспектілеріне, цифрлық технологиялардың қоғам өміріне әсері, оның құндылық бағдарлары, мәдениетаралық өзара іс-қимылдың жаңа бағдарларына қатысты мәселелер белсенді түрде талқыланды.

Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне ToU ректоры Нұрлан Медетов қатысты.

Бірінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Доминант" командасы, екінші орынды Торайғыров университетінің "ZamanAI" командасы, сондай-ақ Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың "Интеллект" командасы, ал үшінші орынды Торайғыров университетінің  "Ascend" командасы  иеленді.