Торайғыров университетінің  МТ-302 тобының студенті Александр Абдикаримов Республикалық пәндік олимпиадада 3 орын алды.

 Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде "Металлургия" ББ студенттері арасындағы Республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өтті.
Павлодар, Қарағанды, Алматы, Өскемен, Теміртау, Екібастұз және Ақтөбе қалаларынан жоғары оқу орындары қатысты.
Командада ToU студенттері Ксения Колмогорова, Раиль Камалитденов және Александр Абдикаримов  болды.

 

Олимпиада аясында университет пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бойынша экскурсиялар өткізілді. АФЗ-ға экскурсияны зауыт директоры Ержан Эдгарович Абдулабеков өзі жүргізді.