Торайғыров университетінің студенттері «Gastro Genius» XVII Республикалық пәндік олимпиадасында «Азық-түлік өндірісі» білім беру бағдарламалары бағытындағы топтар арасында 2-орынға ие болды.

 

ToU командасының құрамына ТӨТ-301 тобының студенттері – Әділ Сапаров, Дильназ Сұлтанова, Аяжан Дарханбекова енді.
Команданың жетекшісі – Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Мұхамеджанова.