Торайғыров университетінде Skills Enbek – кәсіптік оқыту платформасы өкілдерімен кездесу өтті. 

Skills Enbek білім деңгейін арттыру және жалпы халықтың кәсібилігі, мансаптық дамуды ынталандыру және өмір бойы оқыту тұжырымдамасын ілгерілету және онлайн оқыту нарығын дамыту бойынша жағдайлар жасау мақсатында 2021 жылы іске қосылды. 

 

Платформада 866 курс жарияланды, оның ішінде 32 курс Торайғыров университетінің курсы, онда 217 кәсіп қамтылған, сондай-ақ ToU-дың 15 мыңнан астам  студенті Skills Enbek курстарынан өтті.

Қазіргі уақытта Skills Enbek-те бейресми білім беруді оқыту нәтижелерін тану туралы ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде: Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 бұйрығы және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы бірлескен бұйрығы.

 Сонымен қатар, Skills Enbek нарықта бар онлайн курстарды оңай және ыңғайлы іздеу үшін жетекші ұлттық және халықаралық білім беру платформаларымен интеграцияға ие.