Торайғыров университетінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған "Бірлік пен татулық - ел келешегінің негізі" атты диалог алаңы өтті.

Спикерлер ретінде ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, студенттер ассамблеясының мүшелері-студенттер сөз сөйледі.
 Басқарма төрағасы-ректордың м.а.  Нұрлан Ержанов кіріспе сөз сөйледі.

Алаңның модераторы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Арман Ақышев болды. 

Болгар этномәдени бірлестігінің басшысы Валентина Шатова шараға қонақ ретінде шақырылды.

Кездесуде биыл Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Мемлекет басшысының Жарлығына қол қойылғанына 30 жыл толғанын атап өтті. Осы 30 жыл ішінде Ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің өзегіне айналды. Ол құрылған кезде өзіне жүктелген миссияны орындады және біздің елімізге әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құруларды тыныш, дәйекті және табысты жүзеге асыруға – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанды құруға мүмкіндік берген қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі ретіндегі өзінің маңызын іс жүзінде растады