"ToU-дағы тәлімгерлік" бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда.


Осы жылдың қаңтар айында университеттің HR-қызметінің талант-менеджмент орталығының бастамасымен "ToU-дағы тәлімгерлік" бағдарламасы аясында "ЖОО оқытушысының бағыттар бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту" біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Курстың лекторы - сыни ойлау бойынша сертификатталған жаттықтырушы, "Үштұғырлы тіл" кафедрасының профессоры Тина Маняпова.

Курсқа жұмыс тәжірибесі бір жылға толмаған  жас және жұмысты жаңа бастаған оқытушылар шақырылды. Курс оқытушылардың технологиялық және цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған, бұл университеттің білім беру кеңістігінде жас мамандардың тез бейімделуіне ықпал етеді.