ToU студенттерімен заңдылық пен тәртіп қағидаттарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері талқылады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік департамент өкілдерінің студенттермен кездесуі университеттің мәжіліс залында өтті. Жоғары оқу орны ректорының м.а. Нұрлан Ержанов жастардың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесулерінің маңыздылығын атап өтті.
   
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Әсет Оспанов пен Департамент басқармасының басшысы Данияр Кәукенов студенттермен заң және тәртіп идеясын насихаттау туралы әңгімелесті. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және шын мәнінде әділ және жауапты қоғам құруда жастар белсенді болуы тиіс екенін еске салды.