Торайғыров университетінде "XVI Торайғыров оқулары" халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Диалог алаңына қатысушыларды ToU ректорының м.а. Нұрлан Ержанов қарсы алды. Ол университет 20 жыл бойы Торайғыров оқуларын өткізіп келе жатқанын және осы уақыт аралығында конференция үздік ғалымдар мен зерттеушілердің басын қосатынын еске салды.

- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мұрасы - халқымыздың баға жетпес байлығы. Оның шығармалары, ағартушылық пен прогресс туралы идеялары бізді бүгінгі күні де шабыттандырады. Торайғыров оқулары - бұл жай ғана ғылыми іс- шара емес,  ұлы ақын мен ойшылға құрмет, біздің алға жылжуымызға көмектесетін білім мен идеялармен алмасуға арналған алаң, - деп атап өтті Нұрлан Ержанов.

Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан, Ресей, Австрияның белгілі ғалымдары мен жас, ғылымға жаңадан аяқ  басқан зерттеушілері және оқушылардың баяндамалары ұсынылды.

Секциялық отырыстарда осы бағыттар бойынша қазіргі замандағы ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелері қаралды: жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, экономика және құқық, инженерия, ауыл шаруашылығы ғылымдары, энергетика, физика-математикалық және компьютерлік ғылымдар.

Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.