Торайғыров университетінде Республика күніне орай мерекелік концерт өтті.

 

- Республика күні құтты болсын! Елімізде ғылымның дамуына қосқан баға жетпес үлесітеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздердің ғылыми зерттеулеріңіз бен әзірлемелеріңіз ғалымдардың жас буынына үлгі болады. Ғылыми қызметте жаңа жаңалықтар мен табыстар тілейміз. Республика күні -  өскелең ұрпаққа отансүйгіштік және оның күші туралы еске салудың тамаша мүмкіндігі, - деп құттықтады Торайғыров университеті ректорының м.а Нұрлан Ержанов.

Ресми бөлімде бейінді ведомстволар мен министрліктің медальдары мен қайырымдылық грамоталары тапсырылды.

Айта кетейік, екі жыл бұрын 25 қазан  Республика күні қайта ұлттық мерекеге айналды.