Торайғыров университетінде "Аграрлық ғылымдар ұлттық академиясының Ертіс өңірлік орталығы" атты жаңа аудитория ашылды.

 

Сонымен қатар, марапаттау рәсімі өтті, онда университеттің 5 ғалымы — корреспондент-мүшелерін дипломдармен және төс белгісімен бірден атап өтті.

 

- Торайғыров университеті ауыл шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүргізуде және Ұлттық аграрлық ғылым академиясымен ынтымақтастық біздің ғалымдарымыз бен студенттерімізге тек пайдасын тигізеді. Бірлескен жобалар агроөнеркәсіп саласындағы білімді тереңдетуге және инновациялық технологияларды әзірлеуге, мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай серіктестік университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға қуатты серпін беріп, ауыл шаруашылығы зерттеулері саласында көшбасшы позицияларды иеленуге көмектесуі тиіс, - деп атап өтті ТoU Басқарма Төрағасының м.а., профессор Нұрлан Ержанов.

 

Ұлттық аграрлық ғылым академиясының Вице-президенті Есенбай Исламов корреспондент-мүшелерге дипломдар мен төсбелгілерді салтанатты түрде табыс етті.