Торайғыров университетінде FREEDOM BANK гранттарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті. 

 

Гранттарды туризм, экономика, шетел филологиясы және қаржы білім беру бағдарламалары бойынша 15 талапкер алды.
•⁠  ⁠Қазақстандағы жетекші қаржы институттарының бірі туризм, экономика, шетел филологиясы және қаржы бойынша білім беру бағдарламаларын таңдаған жастарды қолдау туралы шешім қабылдады. Бүгін банк өкілдері  Торайғыров университетінің студенттеріне гранттарды ресми түрде табыс етті. Жастар олардың сенімдерін ақтайды және бар ынталарымен оқиды деп үміттенемін. Осындай әлеуметтік жауапкершілік үшін Freedom bank-ке алғысымды білдіремін және басқа да ірі компанияларды жастарымызға инвестиция салуға шақырамын, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Грант иегерлерін құттықтаймыз!