Алдағы білім күніне орай Торайғыров университетінде болашақ бірінші сынып оқушылары үшін мереке ұйымдастырылды. 

 

ToU кәсіподақ ұйымы бірінші сынып оқушыларына түрлі сыйлықтар дайындады. Балаларды өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков құттықтады.

- Мен ToU кәсіподағы әріптестері мен олардың балаларын барлық жағынан қолдайтынына өте қуаныштымын. Білім күні қарсаңында мұндай кездесулер жақсы көңіл-күй сыйлайды және белгілі бір дәрежеде мектепке психологиялық тұрғыдан дайындалуға көмектеседі. Жаңа оқу жылы тек балалар үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де қызықты болсын!

Мереке кезінде оқушыларды аниматорлармен бірге ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды.