Торайғыров университетінің студенттеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі қаланың басты сахнасы Ertis Promenade-та өтті.

 

Студенттерді көптен күткен диплом алуларымен басқарма төрағасы – ЖОО ректоры, сондай-ақ жетекші кәсіпорындардың басшылары мен ЖОО серіктестері құттықтады.

- Болашаққа сеніммен қарайтын кешегі студенттеріміздің бүгінгі жарқын жүздерін көру үлкен қуаныш! Диплом тапсыру рәсімі әр түлектің есінде қалатынына сенімдімін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Биыл барлығы 2262 студент оқуларын сәтті аяқтап, 352 студент үздік диплом алды.