Торайғыров университетінде Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған "Ұлттың өткені мен бүгінінің рухани және материалдық құндылықтары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция қонақтары мен қатысушыларының қатарына Қазақстан мен шет елдердің тарихшы ғалымдары, ҚР ҒЖБМ ҒК Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ. д., профессор Зиябек Кабульдинов, Әлкей Марғұланның қызы, Шоқан Уәлиханов ат. тарих және этнология институтының "Марғұлантану" бөлімінің меңгерушісі, Ә. Марғұлан атындағы Халықаралық қордың вице-президенті м. ғ. к. Даниель Марғұлан, Лондон Университеттік колледжінің Археология институты археология ғылымдары кафедрасының доценті, PhD докторы Миляна Радивоевич және т. б. қатысты.
- Білімге деген қажымас құштарлық пен ынта-жігер Әлкей Марғұланды сенсациялық жаңалықтарға жетелеп, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертті. Оның қажырлы еңбегінің арқасында біз ежелгі қалалардың ұлылығы туралы ойлана аламыз, қорғандардың құпияларына бой алдырамыз және ата-бабаларымыздың рухани қасиетіне таңданамыз. Ең бастысы, Әлкей Марғұлан талантты ғалым ғана емес, сонымен қатар ғылымды дарынды насихаттаушы болды. Ол өзінің ашқан жаңалықтары туралы кең аудиторияға айта білді, бұл көптеген адамдардың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын тудырды,- деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Конференцияда Әлкей Марғұланның өмірі мен қызметі ғана емес, сонымен қатар біздің республикамыздың қалыптасуына ықпал еткен, халқымыздың рухани тарихына үлес қосқан, Марғұлан мен оның ізбасарлары зерттеген басқа да тарихи маңызды оқиғалар мен тұлғалар талқыланды.
Іс-шараға екі жүзден астам адам қатысты. Конференция жинағына "Ә. Х. Марғұланның өмірі, қызметі және мұрасы", "Тарих, археология мен этнологияның өзекті мәселелері", "Павлодарлық тарихи тұлғаларды дәріптеу мәселелері" секциялары бойынша мақалалар қабылданды. Конференция қорытындысы бойынша электрондық жинақ шығады.