Торайғыров университетінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің превенция басқармасының басшысы Мереке Әбдірахмановтың көшпелі дәрісі өтті. 

 

Шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі және жоғары оқу орнының комплаенс-қызметі әзірлеген жоспар шеңберінде ұйымдастырылды. 

Дәрістің тақырыбы - Жемқорлықтың жалпы сипаты мен ұғымы: жемқорлық құқықбұзушылық пен қылмыс жауапкершілігі. Студенттер жемқорлық түрлері, сипаттары, белгілері, сонымен қатар, парақорлық жиі кездесетін салалармен танысты. Сонымен қатар,  жаза түрлері туралы ақпарат алды. Шара соңында студенттер пікір алмасып, сұрақтарын қойды.