Торайғыров университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасы өкілдерінің "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Менеджмент", "Экономика", "Маркетинг" білім беру бағдарламалары бойынша оқитын "Экономика және құқық" факультетінің студенттерімен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - кадр резервін құру бойынша қарқынды жұмыс жүргізу, белсенді және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Қазіргі жастар қазіргі экономикалық жағдайға және мемлекеттік дамудың стратегиялық перспективаларына жаңа креативті көзқарастарға ие.

Студенттерге мемлекеттік қызметке кірудің негізгі кезеңдері, мансаптық өсу перспективалары түсіндірілді.