Торайғыров университетінде «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС жетекші техникалық мамандардың ашық дәрістері өтті.

 

Дәріс автоматтандыру және басқару, электр энергетикасы, ақпараттық жүйелер, металлургия және пайдалы қазбаларды байыту бағыттары бойынша оқитын студенттерге арналды. Кездесу Торайғыров университетінің 2022-2023 жылдары іске қосылған инновациялық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өтті. Жастар кеніштегі молибден, мыс концентраттарын өндіру спецификасы, технологиялық процестің ерекшеліктері мен жабдықтарды іске қосу туралы мағлұмат алды.

- Бағыттар бойынша академиялық комитеттер аясында техникалық мамандармен білім беру бағдарламаларын жетілдіру, арнайы бағыттар бойынша пәндерді жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ToU студенттерін кәсіпорын базасында өндірістік тәжірибеден өткізіп, жұмыспен қамту мүмкіндігі бойынша келісімге келдік, - деп атап өтті академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков.

«Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС - Павлодар облысының аумағында орналасқан еліміздегі ашық типті ірі мыс кеніші. Компания бір жылда мыс рудасының шамамен 30 миллион тоннасын қайта өңдейді. Кеніш орнын пайдалану мерзімі - мыстың орташа құрамы 0,33% болғанда шамамен 40 жыл. Кәсіпорын шығаратын негізгі өнім - мыс, сонымен қатар, цинк, күміс және алтынмен байытылады.

Шара барысында студенттер компанияның HR-мамандары өткізген викторинада естелік сыйлықтарға ие болды.