Торайғыров университетінде көктемгі күн мен түннің теңелген күні - Наурыз мейрамы тойланды.

 «Ауыл думан» атты мерекеде университет қонақтарын студенттік филармония өнерпаздары өз әндері мен билерімен қарсы алды.

 

Мерекелік шарада гір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі, асық ату, т.б спорттық жарыстар өтті.

 

Наурыз мерекесін Нигерия, Пәкістан, Моңғолия және Қытайдан келген шетелдік студенттер де тойлады. Олардың көпшілігі үшін мұндай көктемгі мереке бірінші рет болды. Балалар бұл мерекенің тарихымен, көшпенділердің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысты.