"Kaz Minerals Бозшакөл" ЖШС өкілдері Торайғыров университеті студенттерінің мансаптық болашағы туралы айтып берді. 


Компания жылына 30 млн тоннаға жуық мыс кенін өңдейді, кен орнының пайдалану мерзімі шамамен 40 жылды құрайды, орташа мыс өндіру мөлшері 0,33% құрайды. Kaz Minerals негізгі өнімі мыс болып табылады және мырыш, күміс және алтынның едәуір мөлшері жанама өнімдер ретінде де өндіріледі.
KAZ Minerals Bozshakol мамандары студенттерге компанияны таныстырды, сульфидті кендерді байыту процестерімен таныстырды, Торайғыров университеті түлектерінің мансаптық перспективалары, сондай-ақ оқыту мүмкіндіктері туралы айтты.
Сонымен қатар, студенттерге викторина өткізді. 
Гранттық бағдарлама шеңберінде компания стипендия, жатақханада  тұруға, оқуға арналған шығындарды, ЖШС өндірістік қуаттарында тәжірибенің сапалы базасын, сондай-ақ оқуды сәтті аяқтағаннан кейін халықаралық компанияға жұмысқа орналастыруды ұсынады.