Торайғыров университетінің академиялық қызмет департаментінің директоры Асылбек Қасенов пен  тіркеу кеңсесі және СМЖ басшысы Нариман Мапитов Ташкент және Самарқанд университеттерімен табысты келіссөздер жүргізді.

 

 

Іссапардың мақсаты – халықаралық қызметті жандандыру, Орталық Азия елдеріндегі шетелдік университеттермен ынтымақтастық мақсатында университеттің шетелдік білім беру бағдарламаларына, халықаралық бірлестіктерге қатысуын қамтамасыз ету.

– Біз академиялық ұтқырлықты енгізу мәселелерін талқыладық. Бірлескен іс-шаралар туралы меморандумдарға қол қою ұсынылды. Келісім аясында студенттермен алмасу, бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары жүргізілетін болады, - деп атап өтті Асылбек Қасенов.