8 наурыз қарсаңында университетте жұмыс істейтін 36 көпбалалы ана ToU қонағы болды. 

 

 - Біздің болашақ ұрпағымызды тәрбиелеп отырған аналар бәріміз үшін шабыт көзі екені сөзсіз. Олардың адалдығы, шыдамдылығы және кішкентай ғана нәрседен қуаныш таба білуі -  махаббаттың күші кез-келген қиындықты жеңе алатындығының нақты мысалы болып табылады. Бүгінгі қонақтарымызға зор денсаулық, отбасылық амандық және шат күлкі тілеймін! - деді Еркін Садықов.
Торайғыров университетінде көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуге, оқуға түсу кезінде жеңілдіктер беруге, материалдық қамтамасыз етуге көмектесуге және балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға тырысады. 
Осы мерекеде аруларымыздың барлық тілектері орындалсын деп тілейміз!