Студент Максим Оганезов жасаған психоделика жанрындағы "Soprano" фильмі Торайғыров университетінде таныстырылды.

 

Фильмді түсіру алты ай бұрын ғана басталған. Ол үшін идея авторы Adobe Premier Pro және нейрондық желіні бейне монтаждау бағдарламасын, Unreal Engine 5 қозғалтқышына негізделген ойын компьютерін пайдаланды. Картинаны дауыстау үшін адамдардың дауыстары мен жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылды. 

- Фильмнің өзі психоделика жанрына жатады. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған және отбасы мен адам арасындағы қиын таңдау туралы айтады. "Soprano" - толығымен авторлық жұмыс, - дейді қысқаметражды фильмнің авторы Максим Оганезов.

Егер фильмнің сюжетіне келер болсақ, онда басты кейіпкер екі түрлі уақыт кезеңінде көрсетілген. Олардың біріншісінде кейіпкерден барлық күнәлары үшін жауап алынады және ол өз тарихын баяндайды. Екіншісінде кейіпкер өзінің өлгенін түсінеді және өзінің естеліктері арасында серігімен бірге жүреді. Ол басты кейіпкерге ұзақ уақыт бойы өзінен жасырған шындықты көрсетуге тырысады.