Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Александр Барукин "Жас өнертапқыш" номинациясы бойынша "Шапағат-2023" өнертабыс саласындағы жетістіктер республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

 

Электр энергетигі Александр Барукин әріптестерімен бірге электр станцияларының ашық тарату құрылғыларының сызбаларын әзірлейді, олар аналогтарға қарағанда сенімді болады және төтенше жағдайларда да жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
- Соңғы 20 жылда әлемнің энергетикалық жүйелеріндегі техногендік апаттар әртүрлі істен шығулардың салдарынан орын алды, олардың арасында электр станцияларының ашық тарату құрылғыларының сызбалары элементтерінің істен шығуы әрдайым себеп болды. Сонымен қатар, тұтынушылардың экономикалық шығыны кейде аса көп мөлшерге жетеді. Өнертабыстардың түпкі мақсаты - электр станцияларына арналған ашық тарату құрылғыларының жаңа сызбаларын әзірлеу арқылы энергияны үнемдеу, бұл аналогтарына қарағанда сенімді болады, - деп атап өтті Александр Барукин.
Айта кетейік, "Жас өнертапқыш" номинациясы бойынша іріктеу әлеуметтік маңыздылығы, өнертабысты пайдаланудың экономикалық әсері, экологиялық қауіпсіздік, бәсекеге қабілеттілік, технологияларды өндіріске енгізу және/немесе коммерцияландыру сияқты критерийлер бойынша өтті.