Торайғыров университетінде ЖОО студенттеріне арналған ұйымдар жәрмеңкесі өтті.

ЖОО-да 12 студенттік ұйым жұмыс істейді. 

 

- Студент болу тек оқу, білім алу ғана емес. Студенттік жылдары әркім өзін шығармашылықта, әлеуметтік өмірде немесе ғылымда сынап көруі керек. Торайғыров университетінде жастардың жаңа және өзіне қызықты нәрселерге ұмтылғанына өте қуаныштымын. 

Акт залында әрбір ұйым таныстырылды, сондай-ақ әрбір тілек білдіруші өзі таңдаған ұйымға жазыла алды.