Чехиядағы жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Мирослав Кравка және Павлац университетінің профессоры Йозеф Микеш Торайғыров университетінде жұмыс сапарымен болды.

Йозеф Микеш  Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан және Faculty of Computer Science профессорлық-оқытушылық  құрамы үшін «New methods in mathematics, especially in geometry» тақырыбында тренинг өткізді.

Мирослав Кравка  «Жерді пайдалану және топырақтың өзара әрекеттестігі: топырақ құрылымы және суды ұстау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Айта кетейік, Мирослав Кравка өткен жылы университетке шетелдік ғалымдарты тарту бағдарламасы шеңберінде келіп, ғалымдар мен студенттерге дәріс оқыды. Бір жылдық серіктестік ішінде қос жоғары оқу орны ғылым және білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Бағыттардың бірі - Erasmus +.  Сонымен қатар, төрт докторант шетелдік университетке ғылыми тағылымдамадан өтуге кетті.