Торайғыров университетінің 1998 жылғы түлектері, МООС-1  тобының бұрынғы студенттері гидрометаллургия зертханасын ашты.


- Торайғыров университетінің түлектеріне  қара шаңырақтың дамуына ат салысуға ұсыныс білдіргенімізге бір ай өтті. Осы аралықта бірінші донорларымыз пайда болды.  Туған университеттеріне осылайша қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіремін. Бұл зертханаданың көмегімен гидрометаллургтерді даярлау сапалы бола түседі, - дейді ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Сонымен қатар, бас оқу корпусында С. Торайғыровтың суреті көрсетілді. Картина бұрын дәріс блогында орналасқан еді.
Шара барысында түлектер үшін экскурсия ұйымдастырылды.