Чехия жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Мирослав Кравка Торайғыров университетіне жұмыс сапарымен келді.

Бүгін ғалым профессорлық-оқытушылық құрам үшін «Жерді пайдалану және топырақтың өзара әрекеттестігі: топырақ құрылымы және суды ұстау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Айта кетейік, Мирослав Кравка өткен жылы университетке шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы шеңберінде келіп, ғалымдар мен студенттерге дәріс оқыды. Бір жылдық серіктестік ішінде қос жоғары оқу орны ғылым және білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Бағыттардың бірі - Erasmus +. Сонымен қатар, төрт докторант шетелдік университетке ғылыми тағылымдамадан өтуге кетті.