Торайғыров университетінде Металлургия кафедрасының құрылғанына 40 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің көрнекті ғалымдары қатысты. Қонақтарды ToU ректоры Еркін Садықов қарсы алды, ол Торайғыров университетінің Металлургия кафедрасының мерейтойы туралы атап өтті.

 

-Тау-кен металлургия кешенінің бірнеше ірі кәсіпорындары жұмыс істейтін өңірде металлургтердің мықты мектебі болуы өте маңызды. Себебі, саланың тұрақты жұмысы мен дамуы үшін мамандарды осы жерде даярланады. Жергілікті ТМК үшін кадрлар даярлаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі Торайғыров университетінің металлургия кафедрасы болып табылатыны қуантады. Биыл оның құрылғанына 40 жыл толады. Осы уақыт ішінде кафедра Павлодар облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де жұмыс істейтін мыңдаған мамандар шығарды. Оның профессорлық-оқытушылық құрамына бірнеше рет өз құзыреттілігі мен кәсібилігін дәлелдеген нағыз шеберлер кіреді. Біздің металлургия кафедрасында жұмыс істеген және жұмысын жалғастырып жатқан барлық адамдарға алғыс айтамын! Конференция қатысушыларына рахмет және баршаңызға жемісті жұмыс тілеймін!

Конференция металлургия саласы мен қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне, металлургияның жетістіктеріне, сондай-ақ отандық саланың даму проблемаларына арналды. ЖОО қонақтары өндірісті жақсарту және тау-кен металлургия кешені үшін кадрлар даярлау үшін инновациялық технологиялық процестерді енгізу тәжірибесімен бөлісті. Конференцияға қатысушылар үшін ретротехника көрмесі және KSP Steel құбыр илемдеу зауытына шығу ұйымдастырылды.