Торайғыров университетінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, одан түскен қаражат Алан есімді баланы емдеуге жұмсалатын болады. Ол атипті аутизммен сырқаттанады, мүгедектігі бар.

 

Жәрмеңкеге ToU-дың студенттік ұйымдары қатысты. Жастар ұйымдарының қатысушылары қолдан жасалған бұйымдарды, нан өнімдерін, зергерлік бұйымдарды, шопперлерді және т.б. ұсынды.

Қайырымдылық жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 100 мың теңге жиналды. Бұл ақша Аланды емдеуге беріледі.