Торайғыров университетінде Мiss TOU-2023 байқауы аяқталды. 

Конкурс қорытындысы бойынша Дильназ Кенесова жеңіске жетті. Үш қатысушы бірден  «Вице-мисс» мәртебесіне ие болды: 1 орын  - Индира Төлеубай, 2 орын - Алияна Жолдаспекова, 3 орын - Гульназ Кусаинова. 

 



Ақтық мәреде "Мисс университет" атану үшін 10 қыз бақ сынады. Олар жоғары оқу орнының бас сахнасында өнер көрсетті. Арулар "Таныстыру", дефиле, этно-шығыс және шығармашылық кезеңдерде барын салды.

Шараны Торайғыров университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті, студенттік филармония  және жастар ісі жөніндегі комитет өткізді. Қазылар алқасының құрамында бизнес, fashion-индустрия, БАҚ және басқа салалардың өкілдері болды. 

Айта кетейік, жеңімпаз  «MISS STUDENT PAVLODAR-2023» байқауына өтіп, университет намысын қорғайды. 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!