Сәйкес жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада қол қойды.

Құжатта Ұлттық Ғылым Академиясы бұдан былай Қазақстан Республикасы Президентінің жанында жұмыс істейтіні туралы айтылған.  Демек, ҰҒА-ның даму үрдісіне Мемлекет басшысы мен оның әкімшілігі қатысады деген сөз. Осылайша, еліміздің ғылыми қауымдастығын алаңдатқан мәселелер тиімдірек шешілуі тиіс. 
 

 

- Қазақстанда ғалым мәртебесі жоғарылап келеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығы бізге не береді? Ең бастысы, ҰҒА-ның жұмысына Президенттің өзі жетекшілік етеді. Менің ойымша, бұл шешімнің нәтижесінде академия мен оның құрамындағы барлық ғалымдар ғылыми жұмыстар мен түрлі зерттеулерді жүргізуде жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Ғылыми қауымдастығымыздың әлеуеті жоғары. Сондықтан, біз мәртебемізді мемлекет пен қоғамның дамуы мақсатында пайдалануға міндеттіміз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Ғылым Академиясы 1946 жылдың 1 маусымында құрылды және еліміздің негізгі ғылыми штабына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үлестірушісіне айналды. ҚР ҰҒА 228 мүшені біріктіреді. Академияның 17 шетелдік және 110 құрметті мүшесі, 41 ұжымдық мүшесі мен ҚР ҰҒА-ның 23 профессоры бар.

Қазақстандық ғылымның зияткерлік мәртебесі жоғары, жоғары ғылыми технологиялармен толық қамтамасыз ете алады.