Павлодарда жалпы білім беру пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды. Ондаған жас жоғары білім деңгейін көрсетіп, облыс намысын республикалық деңгейде қорғауға дайын. 

 

Облыстық кезеңдер қорытындысы бойынша 1620 қатысушы жарыстың республикалық кезеңіне өтті. Сонымен қатар, республикалық олимпиадалық резервтің құрамындағы 88 оқушы Шымкентте өтетін қорытынды кезеңге жолдама алады. 

Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Торайғыров университетінің оқу гранттарына ие болды. 

«Зияткерлік жарыста үздік атанғандардың арасында Торайғыров университетінің серіктес мектептерінің оқушыларын көргенімізге қуаныштымын. Біз белсенді, креативті және спортқа бет бұрған жастарды әрдайым қолдаймыз. Олар жоғары білім алу үшін біздің оқу ордамызға келеді», - дейді ЖОО ректоры Еркін Садықов.