Торайғыров университетінің базасында колледж қызметкерлеріне арналған тренинг өтті, онда дуальды оқыту мен тәлімгерліктің қыр-сырын талдады. Курстарға "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева қатысты. 

 

Екі күндік тренингтің тыңдаушылары 52 адам болды, олардың арасында өңірдегі сегіз колледжден 32 педагог бар. Сонымен қатар,  компанияның бірнеше өкілдері курстан өтті.

- Тәлімгерлік 2016 жылдан бастап жиі қолданыла бастады. Бұл сөз бұрыннан бар, бірақ мұндай термин болған жоқ. Бұл термин Ұлттық палатада белсенді түрде насихаттала бастады және бүгін біз тәлімгерлік институтын құрғымыз келеді. Біздің бастамамыз бойынша "тәлімгерлік" термині Еңбек кодексіне енгізілді, - деді Ләззат Шонаева.
Сондай-ақ, спикер дәстүрлі оқытуда маман даярлауға тек колледж ғана жауапты екенін атап өтті. Егер дуальды білім туралы айтатын болсақ, мұнда тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар оның серіктестері де жауапты. 

"BTS Education" компаниясының жобалық менеджері Олжас Мамырбаев биыл әлеуметтік саясатты іске асыру аясында Еуразиялық Топ "колледждерге арналған ERG" жобасын іске қосқанын атап өтті. Оның мақсаты - компания кәсіпорындарының өндірістік қажеттіліктеріне техникалық және кәсіптік білім беру саласында әмбебап мамандарды даярлау.

Оқу аяқталғаннан кейін тренинг тыңдаушылары "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының сертификаттарына ие болды.