2004 жылдан бастап 9 желтоқсанда бүкіл әлемде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Торайғыров университеті де шетте қалмады және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді.

"Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы" - осындай атаумен Торайғыров университетінің, Ә. Марғұлан университетінің, Торайғыров Университетінің Жоғары колледжі және басқа колледждер Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен бірлескен жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде эссе байқауына қатысты. Студенттер сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін, оның жеке адамның және жалпы елдің өміріне теріс әсерін түсініп, сыбайлас жемқорлықтың таралу қаупі мен өмір сапасына теріс әсерін болжай отырып, салдарын талдады. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша эссе жеңімпазы деп танылды: 
1 орын-Ережепова Жаяна, "Торайғыров университеті" КЕАҚ Эк-102 тобы .
1 орын-Сапа Алина, "Ә. Марғұлан атындағы ППУ" КЕАҚ студенті.
2 орын-Сыздықов Батырхан, "Торайғыров университеті"КЕАҚ ЭЭ-201 студенті
2 орын-Ербол Гүлнұр, "Ә. Марғұлан атындағы ППУ" КЕАҚ студенті
3 орын-Соятон Әлімхан, "Торайғыров университеті" КЕАҚ КТ-203 студенті.
Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады.