Торайғыров университетінде Павлодар облысы жеке сот орындаушылары палатасымен келісімге қол қойылды. 

 

Құжатқа қол қою шарасына ToU басқармасының академиялық мәселелер жөніндегі мүшесі Петр Быков және жеке сот орындаушылар палатасының жетекшісі Дәурен Исабеков қатысты. Меморандум аясында жеке сот орындаушылар палатасында жұмыс істейтін каддрларды даярлау қарастырылған. 
- Біз университеттермен тығыз қарым-қатынас орнатамыз. Біздің болашақ кадрлар сот орындау және оның жұмыс принциптерін түсіну керек. Біздің жұмыста күрделі процесстер қаралады. Мәселен, тұрғын үй алаңынан шығару. Жеке сот орындаушыларының жұмысы күрделі, жұмысының мәртебесі де артып келеді. Үш жыл бұрын біз 180 мың материалды қарастырсақ, бүгінде орындалуы тиіс сот актілерінің саны 320 мыңға жетті, - дейді Дәурен Исабеков.