Қалада Потанин атындағы  Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 80 жылдығына арналған "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы музейлердің рөлі" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  Оған қоғам және ғылым қайраткерлері қатысты. 
Сонымен қатар, бұл іс-шарада Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

 

- Мұражай қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде оның қорынан 143 мыңнан астам жәдігер жиналды. Олардың саны жылдан жылға артып келеді. Көрме ретінде Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарына жаңа экспонаттардың үлгілерін ұсынуға асығамыз, - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова.
- Павлодарда 80 жылдан бері Потанин ат. облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Оның қорларының арқасында жүздеген және мыңдаған жылдар бұрын біздің ата-бабаларымыздың Ертіс аумағында қалай өмір сүргенін сенімді түрде елестетуге болады. Қор залдарында 150 миллион жыл бұрын Павлодар жерінде не болғанын көріп, көшпенділер заманына оралуға болады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.