Торайғыров университетінде Түркия профессоры Гулсум Сонгуль Эрканның дәрісі өтті. 

Профессор шетел филологиясы, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедраларының студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамына дәріс оқыды. Дәріс әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика және гендерлік лингвистика тақырыптарына арналды. 

Айта кетейік, университет шетелдік профессорларды тұрақты түрде шақырып отырады. Бұған дейін агротехноология саласының профессоры, үндістандық Дханкхар Кумар Сурендер және шетелдік филология саласының профессоры, германиялық Антие Фехнер дәріс оқыған.