Алматы қаласында Республика Сарайында қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті. 

Шараға Бас әскери прокурор Дастан Секенов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Қорғаныс Министрлігі мен елдегі ЖОО-ның
әскери борышын өтегендер үшін тегін жоғары білім алу мүмкіндігін ұсыну жөніндегі  ортақ жобасы әскери қызметтің имиджін көтереді. 
- Қол қойылған келісімдер – әскери қызметшілерді әскерден соң әлеуметтендіру механизмдерінің бірі. Біріншіден, жоғары оқу орындарына қызметте үздік атанған және іріктеуден өткен азаматтар келеді. Екіншіден, оқу орындарына әскерде шыныққан жас жігіттер келеді. Мықты, төзімді, тәртібі жақсы жастар студенттер үшін ерліктің, батылдықтың үлгісі болады, - деді қорғаныс ведомствосының жетекшісі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Нәтижесінде 50-ден астам ЖОО жетекшілері келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес университеттерде жыл сайын әскерден өткендерге орындар бөлінетін болды. Жоба келесі жылы жүзеге асырыла бастайды, - деді Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов.
Құжаттар 2023 жылдан бастап күшіне енеді. Білім беру жеңілдіктерін ұсыну азаматтардың әскери қызметке түсуге деген ынтасын арттырады.