Торайғыров университетінде Республика күніне орай «Қазақ елі – Ел мен Жер тұғыры» атты концерт өтті. 


- Республика күнін соңғы рет 2008 жылы атап өттік. Бұл мерекенің ұлтық мейрамдар тізіміне енгізілгені заңды. Республика күні қарсаңында Торайғыров университетінің әр қызметкеріне оқу орнындағы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді, - деді ректор Еркін Садықов.

Мерекеге орай марапаттау рәсімі өтті. Оқу орнының 36 үздік оқытушысы мен қызмекері Құрмет грамоталарына ие болды. 

Мереке студенттік филармонияның концертіне ұласты. Кавказ билерінің «Эхо Гор» студиясының ұжымы мен «Әл-Әки» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.