ToU студенті Оңтүстік Кореядағы халықаралық кәсіби шеберлік байқауының жүлдегері атанды.  

 

Дина Афанасьева 25 елдің өкілдері қатарында WorldSkills Competition 2022 Special Edition чемпионатына қатысып, "Веб-технологиялар"  бойынша үшінші орынға ие болды. Біздің жеңімпазбен бірге Қытай, Венгрия және Оңтүстік Корея студенттері де құрмет тұғырына көтерілді. 

"Бұл өте ұзақ дайындықпен келген қиын жарыс болды", - дейді Дина.  - Сарапшылар мен жаттықтырушыға көрсеткен көмектері үшін,  туыстарым мен жақындарыма қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді.

2020 жылы Дина Афанасьева Ақпараттық технологиялар колледжін бітіріп, Торайғыров университетіне оқуға түсті. Осы жылы ол WorldSkillsKazakhstan ұлттық кәсіби шеберлік байқауында жеңіске жетті. 2021 жылы Дина Австрияның Грац қаласында өткен EuroSkills халықаралық байқауына қатысып, өз бағытында үшінші орынға ие болды. 

- Дәл осындай жарыстарда қазақстандық студенттер өздерін бүкіл әлемге танытып, сол арқылы Отанын дәріптей алады, - деп атап өтті ToU ректоры Еркін Садықов. - Өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында халықаралық чемпионатта кезекті жүлделі орынға ие болған Динаны құттықтаймын. Біз ЖОО-да осындай талантты студентті оқытып жатқанымызды мақтан тұтамыз. 

Бүгінгі күні болашақ маман "Computer Science" факультетінің үшінші курсында оқып, сонымен қатар жұмыс та  істейді. Динаны шын жүректен құттықтаймыз және оған жаңа жеңістер тілейміз!