Торайғыров университетінің студенттері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақылар байқауында жеңіске жетті. 

Биыл ToU атынан 12 өтініш жолданды. Үш студент стипендия алды: экономика және құқық факультетінің студенті Валентина Дмитренко, жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Айшат Бакутова, Computer Science факультетінің студенті Диана Султангазинова.
Студенттердің айтуынша, қор стипендианты атану үшін үздік оқу жеткіліксіз. Ол үшін бағдарламалар мен жобаларға қатысу керек, дарынды екеніңді дәлелдей білу қажет. Түрлі жарыстардың қатарында конкурстар, акциялар, форумдар мен конференциялар бар. 
- Алдағы уақытта көптеген жарыстар мен жарияланымдар күтіп тұр. Университетті тәмамдағаннан соң ғылыммен қоштаспаймын. Байқаудағы жеңіс – әр студент үшін маңызды және алға жылжуға ынталандыратын тарту, - дейді Диана Султангазинова.
Еске сала кетсек, байқау 2010 жылы басталды. Бүгінгі күнге дейін 799 студент қордың стипендиясына ие болды. Шәкіртақыға ақылы және тегін білім алатын студенттер ие бола алады.