Торайғыров университеті құқықтану кафедрасының студенттері "Халық заңгері" акциясына қатысты. Шараны жастар бастамаларын қолдау орталығы ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауатын көтеру. Әр азамат зеңгерлердің кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды.

Студенттерге де қызықтырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік органдардың білікті мамандарының кеңесіне жүгініп, білімдерін молайтты.

Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ауқымды шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын айтты.