Торайғыров университетінде кәсіпкерлер мен жастардың кездесуі өтті. Жастарға арналған мүмкіндіктер» жобасы шеңберінде бизнесмендер еңбек жолдарымен бөлісті.

 

Ал жұмыспен қамту орталығының мамандары өз ісін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді. 
"Adyrna" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің президенті Арман Әубәкір 2018 жылы Батыс Қазақстанда бастау алған жобасы туралы әңгіме өрбітті. Бүгінде жоба республикалық деңгейде дамып жатыр. Спикердің пікірінше, жоба жастарға дамуға көмектеседі. 
Жобаға қатысу үшін www.adyrna.kz сайтына кіріп, сілтеме арқылы өту керек. Кейін тіркеу формасын толтыру қажет. Онлайн-платформада әр азаматпен жеке жұмыс атқарылады. Қор қызметкерлері оларды курстарға жинап, шеберлік сабақтарын өткізеді. Жобаны дамыту шеңберінде әр аймақта кәсіпкерлер халықпен кездеседі.