Торайғыров университеті Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Бейнеу ауданында білім беру көрмесіне қатысып, кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді. 

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігінде Маңғыстау және Атырау облыстарының түлектеріне 10 мың грант бөлінді. 

SANA EDUCATION осы аймақтардағы мектеп түлектерімен ақпараттық-насихаттық кездесу ұйымдастырды. Торайғыров университет бірден Маңғыстау облысына 363 грант және Атырау облысына 309 грант бөледі. Сонымен қатар, ЖОО Қазақстанның түрлі өңірлерінен мектеп түлектерін қабылдауға дайын.